Бұланды ауданы педагог- психологтары үшін Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері практикалық кейстерді пайдалана отырып, бірқатар коучинг сабақтарын өткізді.
«Кәсіби даму мектебі» жобасы психологиялық қызмет аясында адам өмірінің барлық салаларында нақты психологиялық көмекті жүзеге асыру үшін жағдай жасауға арналған; аутодеструктивті, оның ішінде суицидтік және девиантты (әлеуметтік, тәуелділік, деструктивті) мінез-құлықтың алдын алу; кәсіби шаршау синдромының алдын алу және мұғалімдердің психоэмоционалды тұрақтылығын қолдау мақсатын көздейді.
Педагог- психологтармен ата-аналарға, мұғалімдерге және балаларға арналған үш тренинг өткізілді. Кейстерді тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстар берілген.