«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру процессін психологиялық – педагогикалық сүйемдеуді дамытуға бағытталған білім бөлімінің облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің «BILIM FOUNDATION» қоғамдық қорымен бірлескен жұмысы

16.03.2020

 Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен жұмыс жоспарына сәйкес  облыстың педагог – психологтарына әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Педагог-психологтардың қызметі басқа да ұйымдарға қолдау көрсететіні қуантады.

Осындай ұйымдардың бірі «BILIM FOUNDATION» қоғамдық қоры болып табылады. Қор педагог – психологтардың жұмысына байланысты көптеген жобаларды жүзеге асырады, жақында өткен «Ең үздік психолог кабинеті» конкурсы сияқты конкурстарды өткізуге материалдық қолдау көрсетеді.

«Кәмелетке толмағандар арасында денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай – ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, педагог-психологтарға диагностика, кеңес беру және түзету мәселелерінде үлкен әдістемелік көмек көрсетіледі. Педагог-психологтарды оқыту, «Денсаулық және өмірлік дағдылар» кітаптар жиынтығы түрінде ұсынылған материал, бейнематериал, zhastar.org сайт жұмысын ұйымдастыру педагог – психолог қызметіндегі маңызды құрал болып табылады. 

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің атынан «BILIM FOUNDATION» ҚҚ атқарушы директоры Ракушев Берік Ұзақбайұлына, Ақмола облысы бойынша «BILIM FOUNDATION» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Закиров Мейрамбек Серікұлына, қордың барлық қызметкерлеріне жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз, алдағы уақытта жаңа идеялар мен алға қойған мақсаттарға жетуді тілейміз.

 

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст