Текст
2023 жылғы 27 қазанда өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін анықтауға бағытталған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы және "Ұлттық Рухани жаңғыру" ұлттық жобасы бойынша облыстық оқыту семинар – тренинг өтті.
Аталған іс-шараға білім беру ұйымдарының әдіскерлер мен директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, кураторлар, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Семинарда ұлттық бірегейлік пен бірліктің өзекті мәселелері, жастардың әлеуметтік-тұлғалық өсуінің маңыздылығы, отбасылық дәстүрлердің маңыздылығы, салауатты өмір салты, адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
Семинар соңында ұсыныстарды талқылау және қабылдау өтті.