2023 жылдың 3 қараша күні Атырау облысы Атырау қаласында «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалары» атты республикалық форум өтті. Аталған форум Әль-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінің ғимаратында ұйымдастырылды. Еліміздің әрбір өңірінен әідстемелік орталық әдіскерлері, сондай-ақ балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Облыстың аудан балабақшаларымен «Әдістемелік мозайка» «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жаңғыру жолында» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Пленарлық мәжілістің спикері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы А.А. Исанбергенова «Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың 2023-2029 жылдар аралығына перпективалары мен мақсаттарын атап өтті.
Сондай-ақ, Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталық әдіскері З.Ш. Кереева «Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне қолдау және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары» баяндамасында өз қызметінің нәтижелерін жалпылады.
Жиналыстың екінші жартысында форум қатысушыларын 4 секцияға бөліп, әр біреуінде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен педагогтері мастер класстар, оқытумен тәрбиелеудің жаңартылған әдіс-тәсілдерін көрсетіп, треннингтер өткізді.