«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар» сырттай облыстық байқауы

10.11.2023

2023 жылғы қараша айында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы    «Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар» облыстық сырттай байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: инновациялық және педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, инновациялық даму тұрғысынан мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен білім беру технологияларын жаңарту.

«Мектепке дейінгі білім берудегі үздік инновациялық жобалар» сырттай конкурсына 22 жұмыс ұсынылды, олар мынадай критерийлер бойынша бағаланды: инновациялық жобаның өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы, жаңа әдістері мен практикалық бағыттылығы, ұсынылатын шешімдердің, тәсілдердің, қорытындылардың дәлелденуі, сондай-ақ инновациялық жоба шеңберінде мақсатты аудитория мен әдістерді таңдаудың негіздемесі.

Сараптама комиссиясының мүшелері жүлделі орындарға ие болған үздік жобаларды анықтады:

1 орын – Николаева Галина Иосифовна, Степногорск қ. «Балауса» бөбекжайының әдіскері. Инновациялық жоба «Огород для всех».

2 орын – Құсайынова Гүлмира Трумханқызы, Зеренді ауданының «Арайлы» бөбекжайының меңгерушісі. Инновациялық жоба «Мир особого ребенка».

2 орын – Махметова Марал Жанибекқызы, Көкшетау қаласының «Мерей» балабақшасының тәрбиешісі. Инновациялық жоба «Ши тоқу».

3 орын – Москаленко Елена Анатольевна, Көкшетау қаласының «Ертостик» балабақшасының тәрбиешісі. Танымдық-инновациялық жоба «Его величество – хлеб».

3 орын – Конкобаева Салтанат Маликовна, Бурабай ауданы Зеленый бор ауылының «Ромашка» бөбекжай балабақшасының әдіскері. Инновациялық жоба «Родительский клуб «Вместе весело шагать!».

 

Жүлделі орындардың иегерлері «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен марапатталды.

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст