Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Аутодеструктивті мінез-құлық профилактикасы бойынша психологиялық қызметтің жұмысы» атты облыстық семинар – онлайн кеңесі өтті. Семинар-кеңеске мектеп пен колледждердің әдіскерлері, педагог- психологтары және әлеуметтік педагогтары қатысты.
Әдістемелік орталықтың психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Ермұханова Инара Ибраимқызы осы бағыттағы жұмыстың негізгі мәселелерін айтып, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша әдістемелік құралдарды ұсынды. Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Шарипова Гүлім Егінбайқызы ТЖК ұйымдарында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шеңберінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді. Семинар қатысушыларына берілген барлық ұсыныстарды http://oumk.aqmoedu.kz/ сайтында табуға болады.