«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мінез-құлықтың алдын алу, оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық және суицид»

21.11.2023

        Қоғамдағы заманауи тенденциялар балалардың қауіпсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ойластыруды және мұқият жоспарлауды білдіреді. Балаларға қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің және аяқталған суицид жағдайларының заманауи статистикасы бізді осы мәселені шешудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етеді.

        «Оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық, зорлық-зомбылық және суицидтің алдын алу» атты облыстық семинарда Ақмола облысы бойынша «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологы Сейтқажина Көгершін Ағайдарқызының осы мәселе бойынша «Әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының жағдайында зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психикалық денсаулық және психологиялық қолдау көрсету» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесі тыңдалды.

       Ақкөл ауданының  Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Бақытгүл Абдулайқызы Даутбаева қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасымен жұмыс жасау туралы сөз айтты. Щучье қаласындағы «Білім инновация» IT лицей-интернатының педагог-психологы Гүлдана Мұратқызы Есмағұлова балалардың қазіргі қауіпсіздігі мен олардың ертеңгі болашағын дамыту арасындағы байланысты атап өтті. Перекатное ауылының жалпы орта мектебінің педагог-психологы Ирина Дмитриевна Фомина аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу факторы ретінде - оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту бойынша өз жұмысының практикалық әдістерін көрсетті. Барлық қатысушылар – 63.

       Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 1027


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст