2023 жылдың 17 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы: болашаққа қадам» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің І Халықаралық форумы өтті.
Форумның мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-педагогикалық шеберлігін жетілдіру арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерінде заманауи тәсілдерді анықтау.
Пленарлық отырыс пен секция жұмысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының меңгерушісі Таубай Пернегүл Таубайқызы қатысып, өзінің кіріспе сөзінде форум тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Форумда 500-ден астам қатысушы Эстония, Қырғызстан, Беларусия, Ресей мемлекеттерінің педагогтері және республика бойынша өңірлерден тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер қатысып, функционалды қалыптастыру жолында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ақмола облысынан Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Джамбасова Гүлнар Түлегенқызы және Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімі Уаисова Нұргүл Жақсылыққызы қатысты. Ұйымдастырылған көрме, секциялық жұмыс барысында бастауыш сынып педагогтері ғылыми-технологиялық жетістіктерін, зерттеулер мен білім беру практикасын ортаға салды. Жаңа білім беру технологиялары шеңберінде сабақтарда және сабақтан тыс уақытта цифрлық білім беру ортасын пайдалануды қарастырылды. Инновациялық білім беру технологиялары арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың заманауи тетіктерін зерттелді. Функционалдық сауаттылықты дамыту саласындағы педагог-практиктердің үздік тәжірибесін тарату.