«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында кезекті инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті ашылды

22.11.2023

Ақмола облысының білім басқармасының 2020-2025 жж арналған инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттер желісін кеңейту кесте жоспарының негіздемесінде 2023 жылдың 22 қараша күні Көкшетау қ. № 21 мектеп-лицейінде 18-ші кезекті инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды.
Заманауи және жабдықталған инклюзия кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің салтанатты ашылуына Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы М.У. Ибраев, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша облыстық Ресурстық орталығының үйлестірушісі, облыстық әдістемелік орталығының ИББ ҒӘС әдіскері І.Ә. Жанғали, Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің мамандары, мектеп және балабақша басшылары, педагогтар, инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің мамандары қатысты.
Инклюзияның жаңа кабинетінде логопед, дефектолог, психолог, педагог-ассистенттер жұмыс жасайды.
Айта кетейік, облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 40 кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 600-ден астам балалар қатысады.

Просмотров: 960


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст