Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің жұмыс жоспары негізінде 2023 жылдың 22 қарашасында «Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық дамуы» тақырыбында Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының семинары өтті. Семинарға аудан, қалалардан педагог- психологтар, әдіскерлер қатысты.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогик- психологтардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету туралы әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Г.Т.Садыханова сөз сөйледі.
Бурабай ауданы, Щучье қаласының «Ақбота» балабақшасының педагог- психологы В.В.Савченко «Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық дамуы» тақырыбында баяндама жасады.
Атбасар қаласындағы «Алтын бесік» балабақшасының педагог-психологы А.Ш.Раисова мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды дамуына арналған ойындарды көрсетті. Бұланды ауданы, Макинск қаласының «Солнышко» балабақшасының педагог-психологы Куприянова Евгения Александровна «Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эмоционалдық сферасын дамыту» авторлық бағдарламасын ұсынды. А.Е. Козубаева, Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайының педагог-психологы «Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық көріністерін сурет салу арқылы түзету» атты шеберлік сабағын өткізді.
Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар қабылданды.