Қоғамдағы заманауи тенденциялар балалардың қауіпсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ойластыруды және мұқият жоспарлауды білдіреді. Балаларға қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің және аяқталған суицид жағдайларының заманауи статистикасы бізді осы мәселені шешудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етеді.
«Оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық, зорлық-зомбылық және суицидтің алдын алу» атты облыстық семинарда Ақмола облысы бойынша «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологы Сейтқажина Көгершін Ағайдарқызының осы мәселе бойынша «Әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының жағдайында зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психикалық денсаулық және психологиялық қолдау көрсету» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесі тыңдалды.
«Колледждегі жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу шаралары» туралы Көкшетау қаласының көпсалалы колледжінің педагог- психологы Актаева Айгуль Сайлаубековна сөз алды.
«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша оқушылардың ата-аналарымен әлеуметтік педагогтың жұмысы» тақырыбында Көкшетау қаласының «Арна» жоғары колледжінің әлеуметтік педагогы Ганзен Алексей Викторивич таныстырды.
Бурабай ауданының Катарколь ауылының Ауылшаруашылық колледжінің педагог- психологы Молоткова Екатерина Владимировна «Психологиялық тренинг жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстың тиімді әдістерінің бірі ретінде» тақырыбымен өз жұмысымен тәжірибе бөлісті.