Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 20 желтоқсан күні Аршалы ауданы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ұжымдық жұмыстарды практика жүзінде, оқу-тәрбие үдерісінде тікелей қарастырып, көпшілік талқысына салу, тәжірибемен алмасу мақсатында «Ұрпақ тәрбиесі- ұжымдық тәжірибе: мектептегі оқу мен тәрбие процесін метапәндік жоспарлаудың мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарға облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері Ақкөл, Аршалы, Шортанды аудандық және Қосшы қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, жаратылыстану-математикалық бағыттағы және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар, қатысты. Жалпы семинар жұмысына 90-ға жуық педагог қатысты.