«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогикалық идеялар фестивалі»

21.12.2023

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылға арналған «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 11-15 желтоқсанда «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты – педагогтердің шығармашылығын дамыту,  кәсіби өсуін ынталандыру мен жалпы білім беретін мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:

I. «Білім берудегі менеджмент жүйесі» (білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың әдіскерлері);

II. «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері): жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер (химия, биология, география, экономика), физика-математикалық бағыттағы пәндер (математика, физика, информатика), қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ, орыс және шет тілдері, әдебиет, тарих, құқық), ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, қолданбалы цикл (бейнелеу өнері, дене шынықтыру, технология, қолөнер, АӘД, сәндік-қолданбалы өнер, музыка).

III. «Шығармашылық толқын» (бастауыш мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары);

IV. «Сабағы аяқталған кезде...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагог қызметкерлері).

V. «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, дефектологтар).

Байқауға 68 педагог қатысты. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары:

1.Айят Цэрма, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Шортанды кентінің № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі;

2.Дискаева Роза Ермековна «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

3.Сатемирова Бакыт Калимтаевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ биология және химия пәнінің мұғалімі;

4. Бекенева Карлыгаш Амантаевна, Щучинск қ. Білім инновация «IT лицей интернаты» КММ тарих пәнінің мұғалімі;

5. Жунусова Гульжанат Масакбаевна «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державинск қаласы Ақпан Үкібаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

6.Тулупова Александра Николаевна «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» МКҚК «Графикалық және мультимедиялық дизайн» бейінінің мұғалімі;

7.Жақсылық Диана Аманжолқызы «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

 8.Кожебаева Гүлназ Серікжановна «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Жақсы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

9. Алпыспаева Камила Маратовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» инклюзияны қолдау кабинетінің педагог-психологы.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының республикалық кезеңіне қатысады.

Просмотров: 1196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст