«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті тәжірибелерді жүзеге асыратын білім бөлімдері әдіскерлерінің педагогты сүйемелдеуге дайындығы

25.12.2023

Семинарда инклюзивті тәжірибелерді жүзеге асыратын білім бөлімдері әдіскерлерінің педагогты сүйемелдеуге дайындығы талқыланды
2023 жылғы 22 желтоқсанда Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық әдістемелік орталығының басшысы Л.С. Құрманғалиеваның қатысуымен «Білім бөлімдері әдіскерлерінің инклюзивті практикаларды іске асыратын педагогты сүйемелдеуге дайындығы» атты облыстық онлайн-семинар өтті. 
Семинарда білім беру органдары мен ұйымдарының инклюзивті практикаларды енгізу жөніндегі қызметінің бағыттары, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту процесін ұйымдастыру, зияткерлік кемістігі бар оқушылар үшін жеке оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын жасау сияқты өзекті мәселелер қаралды. Қатысушыларға Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы      М. У. Ибраев жүгінді.
Семинар барысында инклюзивті практиканы іске асыратын педагогты сүйемелдеуге әдіскердің дайындығын зерттеу шеңберінде аудандық/қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің кіру сауалнамасының қорытындылары талқыланды; 2024 жылға арналған жұмыс жоспары белгіленді.

Просмотров: 848


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст