Текст
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 22 желтоқсанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімі инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен арнайы білім беру ұйымдарының басшылары үшін семинар-кеңес өткізілді.
Кеңесте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мәселелері талқыланды, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің құжаттаманы жүргізу бойынша ұсынымдарды орындауының қорытындылары шығарылды.