2023 жылғы 22 желтоқсанда Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін Ақкөл орта мектебінде білім басқармасының әдістемелік орталығы Ақмола облысы бойынша Жол картасындағы (2.23 п. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген кеңесінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 23-01-7.3) іс-шараларының жоспарын іске асыруда «Мектепте алған білімдерін объективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдерін әзірлеу бойынша тапсырмалар» шеңберінде «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды орындау және әзірлеу әдістемесі. Ғылыми-жаратылыстану» білімін технологиялық, экологиялық, тарихи, ғылыми контексте қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинарға жаратылыстану-ғылыми бағыттағы 84 педагог, Бұланды, Ақкөл, Целиноград, Шортанды, Біржан сал аудандарының және Степногорск қаласының ББЖМ жетекшілік ететін білім бөлімдері директорларының орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.
Семинардың негізгі идеясы-Ақмола облысының білім алушыларын тиісті білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтайтын осы мониторинг нәтижелері ретінде ББЖМ-ге сапалы дайындау. Өңірлік педагогтер ашық сабақтар, шеберлік сыныптары арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар «Оқыту нәтижелерін төмендетудің негізгі қауіп факторлары және осы факторларға байланысты проблемаларды шешудің мүмкіндік жолдары» атты фасилитациялық сессиямен аяқталды, онда педагогтер Ақмола облысының білім беру ұйымдарында ББЖМ нәтижелерін төмендету проблемасын шешу үшін стратегиялық маңызды және мүмкін болатын жолдарды әзірлеп, ұсынды.