«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік цифрлық (сандық) білім беру контенті» сырттай облыстық конкурсының қорытындысы

29.12.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің пән мұғалімдерінің «Үздік цифрлық білім беру контенті» сырттай облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 22 педагог қатысты.

Конкурстың мақсаты-білім беру үдерісін тиімді сүйемелдеуге ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялар саласындағы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Байқау барысында пән мұғалімдері бейне материалдардың әртүрлі түрлерін ұсынды: бейне ресурс, шеберлік сағаттар, IT-фишкалар, мобильді қосымшалар мен сайттарды  әзірлеу.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

II Дәрежелі дипломымен- Қалхаман Ардақ Смағұлқызы, Жақсы ауданы Ишим ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика мұғалімі;

IIІ Дәрежелі дипломымен - Ахметжанова Камиля Ескеновна, Зеренді ауданы Қонысбай негізгі білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Номинация үздіктері:

Скидан Лариса Михайловна, Атбасар ауданы  Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі;

Мухамеджанова Анар Маратовна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының тарих мұғалімі 

«Сандық трансформация»

Шульгина Марина Петровна, Атбасар ауданы  Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика мұғалімі;

«Стратег-мұғалім»

Сарсембаева Динара Копешевна, Астрахан ауданы Колутон ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика мұғалімі

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров: 1620


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст