" />
05.01.2024
2024 жылғы 04-05 қаңтар күндері Сандықтау ауылы «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы жұмыс істейтін балалар сауықтыру лагері» базасында 60-тан астам қатысушыны қамтыған «BILIMDI JASTAR» VІ облыстық жас педагогтер форумы өтті.
Форум аясында білім басқарамасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастылды.
Жас педагогтерді құттықтай отырып, Шоқан Жетпісбайұлы қалада ғана емес, ауылдық жерлерде де білім беру жүйесінде жұмыс істейтін жастардың оң көзқарасын, тәжірибелі педагог-тәлімгерлердің кәсібилігін, олардың шығармашылық белсенділігін және аудан, облыс және республика деңгейінде өткізілетін көптеген іс-шараларға қатысуға ұмтылысын атап өтті.Сонымен қатар, басқарма басшысы бүгінгі таңда тәлімгерлік басты назарда, себебі бұл жас мұғалімнің жұмыс орнында практикалық және теориялық көмек ұсына алатын тәжірибелі маманның қолдауына ие болу қажеттілігін көрсететіні жөнінде сөз қозғады.
Диалогтың негізгі идеясы жас педагогтерге мамандыққа деген қызығушылығын жоғалтпауға, кәсіби шеберлігін үнемі дамытып, арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шақыру болды.
Жас педагогтер екі күн қатарынан түрлі шараларға қатысты: