2024 жылдың 5 қаңтарында «Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес «Зерделі» ауыл-ой дамыту мектебі» ЖШС-мен бірлесе отырып, Ақмола облысының бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиаданың облыстық турының ІІ кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру. Облыстық тур үш бөлімнен тұрды. Олимпиада тапсырмаларын шешуге барлығы 90 минут беріледі, бағалау көрсеткіші 100 балл. Республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. 62 қатысушыдан 8 мұғалім 1-дәрежелі диплом иегері атанды. ІІ дәрежелі дипломмен 9 мұғалім, 16 бастауыш сынып мұғалімі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 8 қатысушы республикалық олимпиадаға қатысады.