" />
15.01.2024
2024 жылғы 10-12 қаңтарда "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сүлейман Демирал университетінің базасында (Алматы облысы, Қаскелең қаласы) педагогтар арасында дәстүрлі "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауын өткізілді.
Педагогикалық идеялар фестивалі - бұл жарыс қана емес, сонымен қатар басқа педагогтармен, ұйымдастырушылармен, қазылар алқасының мүшелерімен кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.
Сөйлеу формасы: ТЕДх форматында таратуға лайықты педагогикалық идеяны ұсыну.
Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:
1) "Білім берудегі менеджмент жүйесі" (білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың әдіскерлері);
2) "Шеберлік палитрасы" (пән мұғалімдері): жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер (химия, биология, география, экономика); физика-математикалық бағыттағы пәндер (математика, физика, информатика); қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ, орыс және шет тілдері, әдебиет, тарих, құқық); ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер; қолданбалы цикл (бейнелеу өнері, дене шынықтыру, технология, қолөнер, АӘД, сәндік-қолданбалы өнер, музыка).
3) "Шығармашылық толқын" (бастауыш мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері);
4) "ҰБТ сабағы аяқталған кезде" (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім берудің педагог қызметкерлері).
5) "Психологтың қоржыны" (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, дефектологтар).
Аталған байқауда Ақмола облысының 2 педагогі I және III дәрежелі дипломдармен марапатталды:
Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:
Әр мұғалімге қатысушы сертификаты берілді.