Көкшетау қаласында Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дағдылардың төмедеуінің алдын алу» атты облыстық оқыту семинар-тренингі өтті. Семинар барысында әдіскерлер, педагог- психологтар, бірлестік жетекшілері педагогтердің кәсіби дағдалардың төмендеуінің негізгі физиологиялық және психологиялық аспектілерімен танысып, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігінің негізі ретінде мұғалімнің психологиялық денсаулығы мәселесін талқылады.
Техникалық лицейдің педагог-психологы Пугачева Екатерина Викторовна «Білім беру ұйымындағы мұғалімнің психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған экспресс-әдістері» атты мастер- класс көрсетті. «Өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіру арқылы мұғалімдердің психологиялық денсаулығын сақтау» практикалық бөлімінде Көкшетау қаласы мектептерінің педагог-психологтары педагогтерің кәсіби дағдылардың төмендеуінің алдын алу бойынша жұмыс әдістері мен формаларымен бөлісті.