«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйымдарының педагог- психологтарының ата- аналарамен жүргізетін тиімді жұмыс түрлері» облыстық семинар

17.01.2024

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарының педагог- психологтарының ата- аналармен жүргізетін тиімді жұмыс түрлері» атты облыстық семинар – онлайн кеңесі өтті. Семинар-кеңеске аудан, қала  әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдарының педагог- психологтары қатысты.

Әдістемелік орталықтың психологиялық қызмет бөлімінің басшысы И.И.Ермуханова ата- аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі мәселелерін айтып өтті. Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Г.Т.Садыханова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ақпаратты ұсынды. Каудинова Карлыгаш Тохтарбековна, Көкшетау қаласы «Нурай» балабақшасының педагог- психологы  баланы дамыту мен тәрбиелеуде педагог-психологтың  ата-аналармен  ынтымақтастық жұмыс түрлерімен таныстырды. Арзамасцева Татьяна Анатольевна, Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжайының   педагог- психологы ата- аналармен жүргізілетін тиімді жұмыс түрлерін көрсетті. Мектепке дейінгі кезеңде ата- аналардың баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерімен Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының «Бөбек»  балабақшасының педагог- психологы Аубакирова Толганай Сагындыққызы баяндады.

Просмотров: 1514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст