«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Физика пәнінде қиын деңгейдегі есептерді шығару»

01.02.2024

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 23, 26 және 30 қаңтар күндері облыстың физика пәні мұғалімдеріне арналған ««Физика пәнінде қиын деңгейдегі есептерді шығару» онлайн форматында 100 қатысушыны қамтыған вебинар сериялары өткізілді.

          Вебинардың мақсаты- 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктері мониторингінің нәтижелерін талдауға негізделген тест тапсырмаларын талдау арқылы «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы» бағыты бойынша білім алушыларды ББЖМ дайындауда педагогтердің шеберлігін жетілдіру.

          Вебинарда аудандық және қалалалық мектептерде физика пәні бойынша ББЖМ талдау жасалды, негізгі, орташа және жоғары қиындық деңгейлері бойынша тест тапсырмаларын шешуде шеберлік сыныптары өткізілді, сондай-ақ педагогтер тест тапсырмаларын талдауды жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

          Вебинар нәтижелерін технологиялық, экологиялық, тарихи және ғылыми контексттерде жаратылыстану білімдерін қолдануға арналған тапсырмаларды қоса отырып, физика сабақтарын жоспарлауға ұсыныстар берілді.

          Соңында вебинардың мазмұны жөнінде сындарлы диалог өтті, бұл жағдайда физика сабақтарында қиын деңгейіндегі физикалық есептерді шешуде тиімді тәсілдерді пайдалануда білімді жетілдіруге ықпал ететін әріптестердің тәжірибесін көруге мүмкіндік берді.

Просмотров: 989


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст