2024 жылғы 26 қаңтарда «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының тұжырымдамалық тәсілдері» облыстық педагогикалық оқулар өтті.
Педагогикалық оқуларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, әдіскерлер, басшылардың оқу, оқу - өндірістік, оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс - шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, асспрофессор, ҚПҒА академигі, п.ғ.к. Д.В. Лепешев шақырылды.
Жақында өзінің 125 жылдық мерейтойын атап өткен облыстың ең көне оқу орындарының бірі - колледж басшысы А.М.Қожақов құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің әдіскері, п.ғ.к. Г.Б. Кушпаева өз сөзінде педагогтің кәсіби дамуын басқаруды педагогикалық мененджмент шеңберіндегі маңызды аспектілердің бірі ретінде қарастыру керек екенін атап өтті. Бірінші баяндама мазмұнының логикалық жалғасы ретінде «Проблема формирования образовательной культуры педагога» тақырыбы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Д.В. Лепешев сөз сөйледі. Дмитрий Владимирович мұғалім педагогикалық процестің негізгі тұлғасы екенін, сондықтан инновациялық IT-технологияларды, жасанды интеллектті қолдана отырып, өзінің оқыту тұжырымдамасын жаңа заман рухында қайта құруы керек екенін атап өтті.
Қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өзекті бағыттарының тиімді тәжірибелерін үш секцияда талқылады: 1 секция «Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі цифрлық және әдістемелік ресурстар», 2 секция «Білім беру процесінің сапасын арттыру ресурсы ретінде педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту», 3 секция «Білім беруді жаңғырту жағдайында педагогтердің үздіксіз кәсіби өсуінің инновациялық тәжірибелері».
Келесі үздік педагогикалық тәжірибелер ұсынылды: «Оқытушының кәсіби және жеке дамуы» Щучинск қ., жоғары техникалық колледжінің әдіскер Шайкенова Ж.Д., «Педагог қызметкерлердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу» Есіл қаласы, агротехникалық колледжінің ө/о шебері А.Д. Губайдуллина, «Арнайы пәндер оқытушысының біліктілігін арттыру нысаны ретінде «МТС GROUP» кәсіпорнында тағылымдамадан өту» Щучинск қ. Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы С.С.Домбровский, «Педагогтің кәсіби дамуы: сандық дәуірде алқалы коучинг пен аралас білім беруді қолдана отырып бағыттану» Астрахан ауылы, агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Л.Ю. Королевская., «Оқу сабағын тиімді жоспарлау үшін «5Е ӘДІСІН» қолдану» Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары Т.М.Жоламанова, «Үздіксіз білім беру мәдениет және өнер саласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың құрамдас бөлігі ретінде» Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, республикалық оқу - әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары А.Е.Актаева және т. б.
2018 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері Н.В. Семекина (Щучинск қ., Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі) «Арнайы пәндер сабақтарында заманауи білім беру ресурстарын пайдалану» шеберлік сағатын өткізді.
Қатысушылар үшін колледж бойынша экскурсия өткізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша кері байланыс ұйымдастырылып, ұсыныстар қабылданды.
Педагогикалық оқуларға қатысу, педагогтердің пікірінше, үздіксіз білім берудің маңыздылығы туралы көзқарастарды қайта қарауға, өзінің кәсіби даму стратегияларын анықтауға мүмкіндік ашты.