«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының ТжКБ үздік ұйымы

10.04.2020

2020 жылғы наурыз айында Ақмола облысының білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Ақмола облысының колледждері арасында «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы» облыстық конкурсын өткізді.

Осы жылы конкурстық комиссия Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Е. Мысырәлімованың төрағалығымен Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжін үздік ұйым деп анықтады.

Педагогикалық ұжым директор Ахат Нұртас Ахатұлының басшылығымен оқу орнының соңғы үш жылдағы жетістіктері портфолиосын ұсынды. Конкурстық комиссия ұйым қызметінің сапасын, педагогтардың біліктілігін арттыруды, кәсіби конкурстарға қатысуы мен жеңістерін, ағылшын тілінде арнайы пәндерді жүргізуді, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды, материалдық-техникалық жарақтандыруды ескереді.

Конкурс дәстүрлі болып, үздіктердің үздіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Облыстың үздік колледждерінің бестігіне жеңімпаздан басқа Щучинск қ., Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қ., Құрылыс-технологиялық колледжі, Красный Яр а., Агротехникалық колледжі,              Щучинск қ., Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледж жеңімпаз атанды.

Конкурс жеңімпазы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» арнайы құрмет дипломымен және сегіз жүз еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінде грант алғаны туралы сертификатпен марапатталады. Грант білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық базаны жақсартуға және білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалады.

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагогикалық ұжымын бұл жеңіспен құттықтаймыз!

Шығармашылық табыстар мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст