Құрметті достар! Қазақстан волонтерлерінің Альянсы «Ақмола облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен ҰБТғадайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтықсауаттылықты оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсетуаясында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын іскеасыру» жобасының орындаушысы ретінде «Азаматтықбастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде ауылдық мектеп оқушыларымен жұмыс істеуүшін еріктілерді конкурстық іріктеуді жариялайды.
Конкурсқа кім қатыса алады? Іріктеудің критерийлеріқандай?
Біріншіден, Сіз маман болуыңыз қажет. Сондықтан біз ҰБТ-ға, олимпиадаларға және ғылыми жарыстарға оқушыларды дайындау бойынша тәжірибесі бар, сондай-ақ ағылшын тілі, құқықтық және компьютерлік сауаттылық бойынша қосымша сабақтары бар мұғалімдерді, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларын шақырамыз.
Байқауға жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері де қатыса алады. Әсіресе, бұл құқықтық және компьютерлік сауаттылық, ауыл оқушылары үшін ағылшын тілінен қосымша сабақтар сияқты бағыттарға қатысты.
Екінші талап — бұл еріктіліктің барлық заңдары бойынша ауыл мектептерінің оқушыларымен қосымша, ақысыз және жауапты жұмыс істеуге дайын болу!
Сондай-ақ, волонтерлер мектебінен жаңа білім мен құзыреттіліктерді алу мақсаты болу қажет.
Жобаны іске асыру барысында сіз қосымша уақытта ауылдық мектеп оқушыларымен үнемі жұмыс жасап және міндетті түрде (аптасына 1 рет) жобаны ұйымдастырушылармен, астаналық мектептердің оқытушы –тәлімгерлерімен тұрақты кері байланысты қамтамасыз етуіңіз қажет.
Әрине, тиімді нәтижеге бағытталуы тиіс.
Иә, талаптар оңай емес!
Бірақ сіз орнына не аласыз?!
Жоғарыда көрсетілген барлық бағыттар бойыншаволонтерлер мектебінде білім аласыздар! Оқу, тамақтанужәне тұру сіз үшін ақысыз негізде өтеді. Іс-шараларды Щучинск ауданындағы лагерь және интернат базасындаөткізуді жоспарлап отырмыз. Сізбен бірге ең үздікастаналық мұғалімдер – ҚР Білім беру үздіктері, «Үздік жыл педагогі» ұлттық конкурстарының жеңімпаздары, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеушілер, сондай-ақС.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалықуниверситетінің және басқа да жоғары оқу орындарыныңпрофессорлары жұмыс істейді. Олар кімдер? Олардыңәрқайсысы туралы біз жаңалықтарда жазамыз.
Бұдан әрі мұғалім-тәлімгердің басшылығыменволонтерлер қоғамдастығы құрылады, олар on-lineрежимінде ҰБТ-ға дайындық бойынша тоғыз негізгі пәнбойынша сүйемелдеуді қамтамасыз ететін болады.
Құқықтық сауаттылық бойынша семинарда сіздер көптегенөзекті ақпаратты, сондай-ақ мектепте медиаторлар тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да бола алатынелорданың жеті мектебінде осындай қызметтің негізінқалаушыдан Мектеп медиациясы қызметін қалай құруғаболатынын білесіздер.
Ағылшын тілі бойынша семинарда сіз балаларменқосымша сабақ өткізу үшін ойын технологиясын қалайдұрыс таңдау және іске асыру, балалар үшін қандай on-line ресурстар бар және оларды қалай дұрыс пайдаланут.б. үйренесіз.
«Арнасай» жасыл технологиялар орталығы негізіндегіғылыми мектепте Сіздер біздің күнделікті өмірімізде, бизнеске инновацияны практикалық қолдануды үйренесіз.Сіздермен бірге климат үнемдеуші ауыл шаруашылығы саласында және басқа да салаларда ғалымдар мен тәжірибешілер жұмыс істейтін болады.
Сіздер бізбен бірге болу туралы шешім қабылдадыңыздар және ауыл мектептерінің оқушыларына көмек көрсету арқылы өзіңізді және өз біліміңізде сенімді болуға , бұл жобаға өзіңіздің жеке уақытын арнауға және ЕРІКТІЛІК ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ҮШІН ӨТЕУСІЗ осындай қағидаттарды ұстануға дайынсыз ба?
Онда docs.google.com сілтеме бойынша сауалнама толтырыңыз.
Сауалнаманы беру мерзімі а.ж. 21 сәуірге дейін қоса алғанда.
Конкурстық іріктеу жобасының соңғы мақсаты – 1000 ауыл оқушыларына өз білімі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесуге ниет білдірген 100 ең жауапты тұлғаны жинау.
Волонтерлерді күтеміз! Бізде барлығы сапалы, және тиімді өтеді! Біз Біргеміз!
Жоба жетекшісі Ләззат Асқарова