Қашықтықтан оқыту және облыс педагогтарына әдістемелік көмек көрсету аясында Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» COVID-19 жағдайында келесі жұмыстарды жүргізді: 141 педагогты қамтитын 3 вебинар, 57 педагогқа арналған 1 онлайн семинар және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің 2039 пән мұғалімдері мен әдіскерлеріне 63 онлайн кеңес өткізілді.
2020 жылғы 30 наурызы мен 4 сәуірі аралығында Көкшетау қ. Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары облыс педагогтарына арналған 141 педагогты қамтумен 3 вебинар өткізді:
Көкшетау қ. Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары 1381 педагогты қамтумен пән мұғалімдері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, бағалау бойынша мектеп үйлестірушілері, облыстың жетекші мектептерінің үйлестірушілері үшін 57 онлайн кеңес өткізді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жаттықтырушыларымен 2020 жылғы 30 наурызы мен 4 сәуірі аралығында облыстың 100 педагогтарына орта білім беру пәндері бойынша республикалық бейне сабақтар конкурсына қатысу мәселелері бойынша онлайн кеңес берілді, 57 педагог үшін сыни тұрғыдан ойлау аясында онлайн семинар өткізуге дайындық бойынша онлайн кеңес берілді; 6-10 сәуір аралығында-облыстың 152 педагогына арналған «4 тоқсан бағдарламалары бойынша оқыту мәселелері бойынша кеңес беру және әдістемелік қолдау» желілік топтарында онлайн кеңес берілді; 13-17 сәуір аралығында «Қашықтықтан оқыту режимінде сабақтарды өткізу бойынша түзету және ұсыныстар, сабақ мазмұнымен жұмыс жасау» қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтар үшін онлайн кеңес берілді: 1) «Ақпараттық-білім беру ресурстары» streaming платформалары: https://bilimland.kz, Мектеп Online, daryn.online.kz, Kundelik.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com және т. б. онлайн-ресурстарын пайдалану, сабақтарды жоспарлау бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне (132 мұғалім) кеңес берілді;
2) гуманитарлық бағыттағы және ЖМБ пәндері бойынша курс тыңдаушыларына (Бурабай, Зеренді, Есіл және т. б. аудандардың, Көкшетау қ. барлығы 147 педагогтары) қашықтықтан жұмыс істеу үшін сабақтарды жоспарлау және мазмұны мәселелері бойынша;
3) «Туған жер» жоспары бойынша 70 педагогқа арналған «Жаңғырту жағдайында ұлттық сананы сақтау» республикалық вебинарына дайындық бойынша кеңес берілді.
Сондай – ақ, 2020 жылғы 9 сәуірінде 57 педагогке арналған «Сыни тұрғыдан ойлау: зерттеу және тұрақты даму» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Қашықтық - жаңалықтар ашу уақыты! Тек қазір ғана облыс педагогтары білім беру ортасында цифрлық сауаттылық жолына түсті. Күн сайын олар әртүрлі ресурстардың жаңа мүмкіндіктерін ашады, өздігінен жұмыс жасаудың жаңа форматтарын байқап, өз білімін арттырып, оқушыларға оқу тапсырмаларын құрастырудың түрлі тәсілдерін қолданады.
Сауле Алиева,
Ақмола облысы білім басқармасының
«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ
ұйымдастыру-талдау жұмысы және курстық дайындық
бөлімінің басшысы