«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола колледждері қашықтықтан оқыту аясында

22.04.2020

ҚР БҒМ ТжКБ департаменті пандемия кезеңінде қашықтықтан оқытуды енгізу бойынша тәжірибе алмасу, ТжКБ педагогтарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мақсатында Республикалық әдістемелік вебинарларды өткізуге бастамашылық етті.

2020 жылғы 22 сәуірде кезекті вебинардың ұйымдастырушысы Ақмола облысының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті болды. Вебинарды директор Ж. Д. Баймақова ашты.

Жанаргүл Даулетқызы қатысушыларды әдістемелік кабинеттің қызметімен қысқаша таныстырды. Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беруде оқу-әдістемелік жұмыстарға жетекшілік етеді. Кабинет әдіскерлері пандемия кезінде педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Оқу-әдістемелік кабинетінің сайтында «Қашықтықтан білім беру технологиялары» бөлімі ашылды, онда нормативтік-құқықтық актілер, әдістемелік ұсынымдар, ата-аналар мен білім алушыларға арналған жадынамалар орналастырылған. Сондай-ақ бейнесабақтар каталогы орналастырылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда

Ақмола облысында 33 колледж қызмет етеді: 26 мемлекеттік, 7 жекеменшік: 15 -аграрлық, 2-педагогикалық,  2- шығармашылық, 1- медициналық колледж.                   

9 колледждің мәртебесі жоғары, оның 6 қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізуде. Іс жүзінде барлық колледждер дуальді және модульдік-құзыреттілік оқытуды енгізу бойынша жұмыс істейді. Әдістемелік қызметті жүйелі ұйымдастыру үшін 8 негізгі бағыт бойынша ӘБ жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, түрлі челлендждер, бейнероликтер жүргізіледі. Фейсбукте WorldSkills – Ақмола облысы колледждерінің парақшасы бар. Онда өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пән оқытушылары әр түрлі құзыреттілік бойынша шеберлік сағаттар ұсынады. Бұл жерде НҚА, жаднамалар және қандай да бір маңызды хаттар сақталады.

16 наурыздан бастап облыстың барлық колледждері қашықтықтан оқытуға көшті және платформаларды пайдалана отырып ААЖ жұмыс істейді:

SOVA (ВТК-К)

PLATONUS (ВМКГЗ , КММ жанындағы КБК)

MOODLE (Медициналық)

Discort

College Smart Nation (27 ұйым)

Одан басқа  колледж педагогтары ZOOM,  ClassRoom,  Discort бағдарламаларын, Вацап, Телеграмм месенджерлерін қолдануда.

Бүгінде колледж педагогтары 500-ге жуық бейне-ресурстар әзірледі. Олар сондай-ақ YouTube арнасында, Фейсбук  және т.б. орналастырылған.

Sova, Moodle, SmartNation платформаларында қашықтықтан оқыту аясында оқу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесімен колледж әдіскерлері: Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледж директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Калиева Г. Ж., Көкшетау жоғары медициналық колледжінің әдіскері Мокрова И. И., Красный Яр а., агротехникалық колледжінің әдіскері Таткенов Б. Т. бөлісті. Әріптестер бейне-сабақтарды өткізу және әзірлеу, ААЖ жүйесіндегі жұмыс туралы әңгімеледі.

Семинар жұмысына ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің, білім басқармасының және облыстық оқу-әдістемелік орталық қызметкерлері, республиканың колледж әдіскерлері қатысты.

Әдістемелік вебинарларды өткізу жаңа ақпарат алуға, оң тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді.

Сералина С.С.

/public/files/2020/4/22/220420_190559_3.docx

 

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст