Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті» КММ облыстық әдістемелік қызметінің өзекті мәселелерін жедел шешу мақсатында 2020 жылғы 24 сәуірде 19 аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілерімен жоспарлы онлайн – кеңес өткізді. «Қазіргі жағдайдағы әдістемелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері» тақырыбы бойынша ОӘК директоры Ж. Д. Баймакова, «ОӘК жоспарлы іс - шараларының негізгі бағыттары мен маңызды мәселелері, әдістемелік және директорлар кеңесінің жұмысы туралы» - ОӘК директорының орынбасары, п.ғ. к. Г. Б. Кушпаева сөз сөйледі. Қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша ҚР БҒМ нормативтік құжаттарының негізгі» ережелері (Р. Б. Баганалинова), «Жыл мұғалімі», «Орта білім берудің үздік ұйымы» облыстық республикалық конкурстардың мазмұны және озық педагогикалық тәжірибені жинақтау мәселелері (С. С. Алиева) егжей-тегжейлі қарастырылды. Карантин жағдайындағы тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша талаптар және оқу – тәрбие процесін психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу мәселелері (Ш.Қ.Қажығалиева, И. И. Ермұханова) түсіндірілді.
Барлық педагогикалық ұжымдар мен ата-аналар қоғамдастығының орындарында жүйелі, дәйекті, бірлескен жұмысты ұйымдастыруға, қазіргі жағдайдағы әлеуметтік және мәдени факторларды есепке алуға назар аударылды.