«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы колледж оқытушылары арасында кәсіби шеберлік байқауы

28.02.2024

Байқаулар - біліктілікті арттырудың, кәсіби даму қадамының  бір кезеңі, білім беру ұйымдары педагогтерінің өзгерістерге дайындығын көрсету деңгейі.

Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінде білім беру саласы бойынша колледж оқытушылары арасында кәсіби шеберлік байқауы басталды.

Конкурсқа жалпы білім беретін пәндердің 16 ұстазы, Ақмола облысы колледждерінің педагогикалық мамандықтарының 6 оқытушысы қатысады. Педагогтер теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби дағдылары мен қабілеттерін, оқу-тәрбие процесінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары мәдениетті және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеруін көрсетеді. Әрбір оқытушы заманауи білім беру, цифрлық технологияларды пайдалану шеберлігін, өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін, әдістемелік жұмысының сапасын ұсынады.

Конкурстың қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының дипломдарымен марапатталды.

Жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары арасында:

1 орын – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ағылшын тілі  оқытушысы  Амангельді Газиза Габдул-Манаповна;

2 орын – Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық  колледжінің  ағылшын тілі  оқытушысы  Зенченко Ольга Владимировна;

3 орын – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің физика оқытушысы  Хажмухан Жайна.

Сонымен қатар педагогтер келесі номинациялар бойынша  марапатталды:

«Шығармашыл педагог» - Көкшетау  қаласы, Жоғары техникалық колледжінің қазақ тілі оқытушысы  Таттыбаева Айжан Боранбаевна;

«ІТ құзыретті педагог» – Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжінің қазақ тілі оқытушысы  Капарова Меруерт Карыбаевна;

«Креативті педагог» – Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің информатика оқытушысы  Оспанова Амина Кайдаровна;

«Ізденімпаз педагог» –Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжінің ағылшын  тілі  оқытушысы  Тюлюханова Мариям Кайсаровна;

«Тапқыр педагог» –Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің ағылшын  тілі  оқытушысы  Даулетова Гульден Курбанбековна;

Педагогикалық мамандықтар оқытушылары арасында:

1 орын – Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Венгловская Надежда Сергеевна;

2 орын - Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы  Ілияс Данагүл Нұртайқызы;

3 орын - Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы  Бекназар Айдана Бериковна.

Барлық педагогтер облыстық байқауға қатысқаны үшін білім басқармасының сертификаттарымен марапатталды.

Бірқатар оқытушылар облыстық кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Кәсіби педагогикалық шеберлік байқауы жаңа, қызықты идеялармен алмасу, озық тәжірибе жинақтау, өз тәжірибесін тарату болып табылады.

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст