Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен ағымдағы жылдың 28 ақпан күні мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем, анам және мен» республикалық байқауының (сырттай) облыстық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: меткпетке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектепбі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру және қызметін кеңейту бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату.
Міндеттері: балаларды отбасы дәстүрлеріне, рухани-адамгершілік құндылықтарға, үлкенді сыйлауға оларға құрмет көрсетуге, еңбекқорлыққа баулу, балалардың дербестігі мен қызығушылығын ынталандыру, ата-аналармен достық қарым-қатынасты нығайту, педагогтерге ұлттық құндылықтарды балаларды толыққанды дамытудың заманауи теорияларымен үйлестіруге бағыт беру, қызықты жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатымуға тарту.
Барлығы 28 байқау жұмысы қаралды.
Сараптама комиссиясының шешімі бойынша мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем, анам және мен» республикалық байқауының (сырттай) облыстық кезеңінің келесідей номинациялары анықталды:
«Үздік аналар мектебі» - Есіл ауданы №3 «Балбөбек» бөбекжайы, Кибекова Айсулу, жетекшісі: Маноле Людмила Григорьевна – 101 ұпай;
«Үздік әжелер мектебі» - Зеренді ауданы «Балауса» бөбекжайы, Баймағамбет Әсима, жетекшісі: Жапарова Айнамгуль Толеуовна – 102 ұпай;
«Өнегелі әже, тәрбиелі немере» - Көкшетау қаласы «Zerek» бөбекжайы, Жарас Аиша, жетекшілері: Калжанова Елизавета Абдирахмановна, Рахмонбердиева Дилфуза Сапаралиевна, Токбаева Эльвира Жолдасбековна - 104 ұпай;
«Шебер ана, еңбекқор бала» - Атбасар ауданы «Еркежан» бөбекжайы, Ербол Алтын мен Дария, жетекшілері: Аканова Саягуль Шайдоллаевна, Кенжегузинова Айнур Какымбековна, Кашкимбаева Бакыт Болатбековна, Сагындыкова Жанар Гильмуллиновна - 103 ұпай;
«Үздік ұйымдастырылған шара» - Сандықтау ауданы «Ер-Төстік» бөбекжайы, Ахметова Айзере, жетекшісі: Қошбай Асылтас Қайыркенқызы - 104 ұпай.
Номинация иегерлері Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ дипломдарымен марапатталады. Жүлдегерлерді дайындаған педагогтарға алғыс хаттар беріледі.