2024 жылғы 29 ақпан күні Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясында «Математикалық регата» математика мұғалімдеріне арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада мақсаты: математика пәні педагогтердің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
Облыстық кезеңде барлығы 23 педагог қатысты.
Олимпиада төрт кезеңнен құрылды. Әрбір кезең – үш тапсырмадан тұрды. Бірінші тапсырма – алгебра, математикалық анализ негіздері, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық және «сандар арқылы».
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары келесі педагогтер атанды:
1. Аяганов Жанибек Кенжибекулы, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейі" КММ-сі,математика пәні мұғалімі;
2. Семенова Елена Анатольевна "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сі,математика пәні мұғалімі;
3. Сарсенбеков Абзал Сарсенбекұлы, Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ-сі, математика пәні мұғалімі;
4. Белогурова Наталья Степановна, "Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сі, математика пәні мұғалімі.
Олимпиада жеңімпаздары (төрт адамнан құралған команда) Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталады, сонымен қатар, 2024 жылғы 26-27 наурыз күндері Өскемен қаласында «Математикалық регата» өткізілетін республикалық кезеңіне қатысады.