2024 жылғы 29 ақпанда «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік «Мектепке дейінгі ұйымдар үшін мамандар даярлауда педагогикалық экожүйені дамыту қажеттілігі» семинар-практикумын өткізді, оның мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде педагогикалық экожүйені дамытудың озық тәжірибесін зерделеу және тарату болды.
Семинар жұмысына ҚР мектепке дейінгі білім министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Адамова Манар Елекенқызы қатысып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа үрдістер туралы айтып, интеграцияланған оқытудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Б. Дүйсенова және Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық әдістемелік орталығының басшысы Л. С. Құрманғалиева қатысты.
«BILIM ALU JANE QUZIRETTILIK» кампусындағы практикалық алаңның жұмысы Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының: «Нұр бала» бөбекжайы, «Зерек» бөбекжайы, «Айша» бөбекжайы және «Алтын бала» балабақшасының көрмесі ұсынылды.
Семинар «Ашық микрофон» тақырыбындағы диалог түрінде аяқталды, онда қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстарды айта алды.