«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зорлық-зомбылыққа, қорқытуға (буллингке), кибербуллингке ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі» тақырыбына арналған вебинар

06.03.2024

2024 жылдың наурыз айының 1 күні   Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог- психологтарымен және әлеуметтік педагогтарымен вебинар өткізді.

Вебинарда Ақмола облысының білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Ділдабаева Жадыра Олжабекқызы «Білім  беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Оқу- ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы  2023 жылдың 28 желтоқсан  жарияланған № 398 бұйрықпен  таныстырды. Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Шарипова Гүлім Егінбайқызы «Зорлық-зомбылық, қорқыту (буллинг), кибербуллингке ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі» туралы түсіндірме  ақпарат берді.

Психологиялық қызмет мамандарына кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, қорқыту,(буллинг) және кибербуллинг жағдайларына жедел әрекет ету бойынша ұсыныстар мен алгоритм ұсынылды.

Просмотров: 847


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст