Текст
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Кәсіби даму қадамдары» атты вебинар өтті. Вебинарға аудан, қала әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдарының педагог- психологтары қатысты. Әдістемелік орталықтың психологиялық қызмет бөлімінің басшысы И.И.Ермуханова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог- психологтарының баланың даму үрдісіндегі рөлі туралы ақпарат берді. Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Г.Т.Садыханова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарын «Кәсіби даму қадамдары» атты жобасымен таныстырды.