Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен ағымдағы жылдың 14 наурыз күні мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Ханталапай» республикалық байқауының (сырттай) облыстық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға деген қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт – дәстүрлерімен, мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сараптама комиссиясының шешімі бойынша облыстық кезеңінің жеңімпаздар орындары анықталды:
- I орын- Степногорск қаласының № 4 «Арман» балабақшасы
- II орын- Сандықтау ауданының «Мирас» бөбекжайы
- III орын- Көкшетау қаласының №33 Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы
Келесі номинацияларға ие болғандар:
- "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"- Целиноград ауданы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы;
- "Алтын сақа"- Атбасар ауданының «Алтын бесік» бөбекжайы;
- "Үздік ойыншылар"- Ақкөл ауданының «Арайлым» бөбекжайы;
- "Белсенді ойыншылар"- Аршалы ауданы «Солнышко» бөбекжайы;
- "Тапқырлар мен ептілер"- Зеренді ауданының «Арайлы» бөбекжайы;
- "Үздік ұйымдастырылған ойын алаңы"-Бурабай ауданы Зеленый бор ауылының «Ромашка» бөбекжайы.
Жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.