2024 жылы 12 сәуір күні қалалық/аудандық әдіскерлер мен педагог-психологтарына «Емтихан кезінде эмоционалды тұрақтылықты сақтау туралы» тақырыбында облыстық оқу семинар-тренингі өтті. Әдістемелік орталықтың психологиялық қызмет бөлімінің басшысы И.И.Ермұханова «Емтихан тапсыру кезеңінде педагог-психологтың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету» туралы сөйледі. Нурманова А. К. Ақкөл ауданы білім бөлімі бойынша педагог- психологтардың әдіскері «Емтихан кезінде эмоционалды тұрақты сақтау үшін психологиялық сүйемелдеу» баяндамасын оқыды. «Бұланды ауданы білім бөлімі бойынша Отрадное ауылыныңЖББМ» КММ педагог-психологы Т.П. Сайбел оқушыларға арналған «Емтиханға арналған кейс» тренингін өткізді. Семинар қатысушыларына берілген барлық ұсыныстарды http://oumk.aqmoedu.kz/ сайтында табуға болады