«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымының шығармашыл психологы» облыстық бейнежазбалар байқауы

19.04.2024

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының  жұмыс жоспарына сай 2024 жылдың 19 сәуір күні «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының шығармашыл психологы» облыстық бейнежазбалар байқауының сараптама комиссиясының отырысы өтті. Байқау кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергенін көрсететін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-психологтарын анықтау,  қолдау және ынталандыру, олардың ата-аналармен, педагогтермен, балалармен жұмыс жасаудағы инновациялық тәжірибесін зерделеу арқылы психологиялық қызметтің жағымды бейнесін қалыптастыру  мақсатында өтті. Байқауға 19 мектепке дейінгі ұйымдарының педагог- психологтары қатысты. Байқау қорытындысы төмендегідей:

1 орын - Орымбетова Куралай Абжаппаровна, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Қуаныш» бөбекжайы» МКҚК

2 орын -Келлер Людмила Федоровна, "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашино ауылының "Ер-төстік" бөбекжайы" МКҚК

3 орын - Маженова Карина Бактияровна, "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік" бөбекжайы" МКҚК

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст