Текст
2020 жылдың 14 мамырында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілерімен онлайн режимінде «Педагогтың кәсіби шеберлігі мен оқу – тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми – әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында облыстық әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңес жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіпов қатысты.
Келесі сұрақтар қарастырылды: қашықтықтан оқыту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ерекшеліктері, инклюзивті білім беру мәселелері және шешу жолдары, қазіргі жағдайдағы кәсіптік бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері.
Әдістемелік кеңес соңында ұсыныстар берілді.