Текст
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 15 мамыр күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілерімен және педагогтармен онлайн режимде жұмыс кеңесі өтті.
Мұғалімдер қауымдастығының жұмысын жүйелеу бойынша ағымдағы мәселелер қарастырылды. Білім беру ұйымдарында карантин жағдайында ресурстық орталықтардың жұмысына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында патриоттық тәрбие беру жүйесіне ерекше назар аударылды.
Бұл мәселелер басқарушылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.