* 2024 жылы 19 сәуір күні Ақмола білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы бала тұлғасының интеллектуалды, шығармашылық қабілетін дамыту, қоршаған әлемді білуге деген қызығушылықты қалыптастыру арқылы ой-өрісін кеңейту мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» атты байқауы өткізді.
* Облыстық «Мен зерттеушімін» байқауының қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:
- I орын - Жарқайың ауданы Державинск қаласы Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектебінің мектепалды тобының тәрбиеленушісі Демьянов Вадимның суреті "Сабын құпиялары". Педагог Юлия Викторовна Блохина .
- II орын - Бұланды ауданы Макинск қаласының "Солнышко" бөбекжайының тәрбиеленушісі Николаенко Федордың "Сиқырлы шарлар" атты суреті. Жоба басшысы педагог Кузнецова Светлана Викторовна.
- III орын - Көкшетау қаласы "Өркен" бөбекжайының тәрбиеленушілері "Матвеева Полина, Милан Гепптың "Орманды немесе қағаздың екінші өмірін сақтайық" жобасы. Жоба басшысы, тәрбиеші Светлана Романовна Слижевская.
Номинация иегерлері:
«Тапқыр зерттеуші» - Сандықтау ауданы Владимировка ауылының негізгі орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиеленушісі Малица Илоннаның жобасы «Газдалған су: зиян немесе пайда?». Педагог Любовь Геннадьевна Бзникина.
«Жас эколог»- Егіндікөл ауданы “Балбөбек” бөбекжай тәрбиеленушілерінің Ермек Айлана, Серикова Айым, Серикова Айя, Серікбай Медина, Ахтамбек Сұлтанәлідың «Қалдық қағаздан жаңа қағаз жасау» атты жобалары. Тәрбиешісі Сапаргүл Елубаевна Сарманова.
«Креативті жұмыс» номинация иегері - Жарқайың ауданы мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің "Солнышко" балабақшасы тәрбиеленушісі Варвара Гончарованың "Таңғажайып лимон" атты жобасы. Педагог Зура Қасымханқызы Ивченко.
«Жаңалық жаршысы» - Степногорск қаласы № 3 «Алпамыс» балабақшасының Қайрат Медина, Дузь Надежда, Дейчь Девид, Клевцов Богданның "Мыло своими руками" атты жобасы. Жоба басшысы тәрбиеші Ирина Алексеевна Стреблянская.
«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс»- Есіл ауданы № 3 «Балбөбек" бөбекжай тәрбиеленушісі Березняцкий Даниилдың жобасы "Кішкентай картоптан жасалған үлкен құпия". Жоба басшылары ата-ана Галина Ивановна Березняцкая және тәрбиеші Наталья Ивановна Тулеубаева.
* Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларды Ақмола білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен марапатталады