Текст
2020 жылғы 22 мамыр күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілерімен және педагогтармен онлайн режимде жұмыс кеңесі өтті.
Отырыста карантин жағдайындағы ресурстық орталықтардың жұмысы бойынша мәселелер қаралды. Оқу жылының соңында сынып жетекшілерінің жұмысы бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша оқу жылын аяқтаудың барлық мәселелері бойынша ата-аналармен, педагогтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды.