«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Жол картасын іске асыру шеңберінде «Кәсіби құзыреттілікті дамытудың мектепішілік жүйесінің бағдарламасы» жобасы бойынша жұмыс жүзеге асырылуда.

30.04.2024

Ақмола облысы білім басқармасының Жол картасын іске асыру шеңберінде «Кәсіби құзыреттілікті дамытудың мектепішілік жүйесінің бағдарламасы» жобасы бойынша жұмыс жүзеге асырылуда.

«№13 «ЭКОС» экологиялық мектеп-гимназиясы», «Сандықтау ауданы Балкашино ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» және «Зеренді ауданы Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» жобаларына қатысушылар үшін бірінші облыстық мектепаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ басшысы Л.С.Құрманғалиева қатысты.  Л.С.Құрманғалиева құттықтау сөзінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мектептердің дамуына ықпал ететін тұрақты процесс. Сондықтан жобада жұмыс істейтін мұғалімдер  кәсіпқойлықтың өзіндік өсуіне ұмтылатын адамдар екенін атап өтті.

Конференцияға қатысушылар төрт сессия залында жұмыс істеді, онда педагогтердің жобалық жұмыстары таныстырылды, мектеп жаттықтырушылары мен критериалды бағалау үйлестірушілерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Ибраева Г.Б. «№13 «ЭКОС» ЭМГ» жобасының фасилитаторы, Алимжанова А. К  «Сандықтау ауданы Балкашино ауылының  №1 жалпы білім беретін мектебі» жобасының фасилитаторы және Қабдулова Г.Р.  «Зеренді ауданы Ақкөл ауылындағы жалпы білім беретін мектебі» жобасының фасилитаторы қатысушылардың қызметін кәсіби мәселелер бойынша өзекті сұрақтарды белсенді талқылау процесіне бағыттай отырып, сессия залдарындағы жұмысты модерациялады, жобаның әрбір қатысушысы өзінің жеке жобасын сәтті аяқтау үшін практикалық негізге ие болатындай нәтижелі диалог құруға көмектесті.

Конференция соңында педагогтер жұмыстың осы түрініңтиімділігін жоғары бағалады, ұсыныстар ұсынылып, шешімдер қабылданды.

Просмотров: 877


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст