Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен 2020 жылғы 21 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жақсы кітап- жан азығы» конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар анықталды.
I орын - Степногорск қаласының топтық жұмысы, «Туындысы мен тағдыры ұштасқан Бестөбе» жинағы;
II орын - Атбасар ауданының топтық жұмысы, «На родных просторах» жинағы;
II орын - Жақсы ауданының топтық жұмысы, «Книга Памяти» жинағы;
III орын - Ерейментау ауданының топтық жұмысы, «Өлеңдерім – өзімдік өрнектерім» жинағы;
III орын - Сандықтау ауданының топтық жұмысы, «Атлантида» балалар шығармашылығының альманахы» жинағы;
III орын - Бурабай ауданының жұмысы, «Путеводитель для туристов - Сакральная география Казахстана» жинағы.
Жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломымен және естелік сыйлықтарымен марапатталады. Қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін облыстық оқу әдістемелік кабинетінің сертификаттары беріледі.