«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» облыстық сырттай конкурсын өткізу

25.05.2020

Ақмола облысы білім басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы                         № 75 бұйрығы негізінде 2020 жылғы 13-22 мамыр аралығында Ақмола облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» сырттай конкурсының  облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты  педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды марапаттау болып табылады.

Шығармашылық сайысқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының 15 педагогы, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының  23 педагогы қатысты.

Конкурс  4 кезеңнен тұрды:

1. «Менің жүрегімнің мектебі» бейне ролигі;

2. Бейне сабақ;

3. «Педагог қандай болу керек» эссе;

4. Портфолио педагога.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сертификаттары табыс етіледі.

Жалпы ұпай саны бойынша Гран-при және 300 000 теңге сомасына сертификаттарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Атбасар ауданы, №5 «Алтын бесік» балабақшасының музыкалық  жетекшісі Батырова Зауреш Сериковна;

 Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Жақсы ауданы, Ғ. Әбдірахман атындағы Қима орта мектебінің математика пәні мұғалімі Сулеймэн Еркегуль ие болды;

1 дәрежелі дипломдармен  және 200 000 теңге сомасына сертификаттарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Көкшетау қаласы, «№19 «Нұр бала» балабақшасының  дефектолог- мұғалімі, тифлопедагог    Бекимова     Наргуль     Кактаевна,

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Бурабай ауданы, Щучинск қаласы № 7 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Амиржанова  Когаршин  Казиевна ие болды;

2 дәрежелі дипломдармен  және 150 000 сомасына сертификаттарға  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Ақкөл ауданы, «Ақбота» балабақшасының  музыкалық жетекшісі Тлеулина  Галия Жамалетдиновна;

 Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Бұланды ауданы, Макинск қаласы, мектеп-гимназиясының бастауыш  сынып мұғалімі Подолько Люция Фитратовна  ие болды;

3 дәрежелі дипломдармен  және 100 000 тенге сомасына сертификаттарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Бурабай ауданы, «Ақбота» бөбекжай- балабақшасының  тәрбиешісі Гусенкова Светлана Евгеньевна;                                                     

 Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Нұр-Сұлтан қаласы,  Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі   Кульмаганбетова  Жанар Тасбулатовна  ие болды.

30 қатысушы «Үздік педагог» сырттай конкурсына белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен марапатталады.

10 үміткерге  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының  Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола  облыстық ұйымы» ҚБ-нің номинациялар мен ақшалай сыйақылыр бойынша грамоталар табыс етілді:

«Зерттеуші педагог» номинациясы және 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы  Астрахан ауданы, «Алпамыс» балабақшасының музыкалық жетекшісі  Искакова Сауле Рыспаевна;

Астрахан ауданы, Жалтыр №1 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Самосевич Ольга Владимировна;

«Шығармашыл педагог» номинациясы және 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы  Бұланды ауданы, Новобратск орта мектебінің мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі  Чепель Тамара Анастасьевна;

Зеренді ауданы, Приречный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Стока Наталья Владимировна; 

 «Жаңашыл педагог» номинациясы және 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы  Ерейментау ауданы, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының логопеді  Асаинова Гульмира Халеловна;

Ерейментау ауданы, Н.Смағұлов атындағы №2 мектеп -лицейінің   химия және биология пәні  мұғалімі  Забиякина  Оксана Сергеевна;

«Көшбасшы педагог» номинациясы және 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы  Есіл ауданы, № 3 «Балбөбек»  бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі  Мозалевская Светлана Викторовна;

 Степногорск қаласы, С.Сейфулин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ережепова Гульбира  Батыровна;

«Эрудит педагог» номинациясы және 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы Жарқайың ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Балдаева Жупар Бакытовна;

Көкшетау қаласы, IT мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Токбулатов Данияр Сейтхазиевич

Сондай-ақ, барлық қатысушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының  Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола  облыстық ұйымы» ҚБ-нің грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

                                                             

 

Просмотров: 657


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст