2024 жылғы 3 мамырында Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырған педагогикалық бағыттағы колледж педагогтерінің «Инновация арқылы сапаға» атты облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Семинар жұмысы үш секция бойынша өтілді, онда шеберлік сыныптары көрсетіліп, заманауи педагогикалық технологияларды табысты қолдану тәжірибесін синтездеу бойынша өзекті мәселелер қаралып және талқыланды. Семинар жұмысына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі, Жаңаесіл ауылының Агротехнологиялық колледжі, Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, Щучинск жоғары педагогикалық колледжі , Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледжі, «Арна» колледжі оқытушылары қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Семинар жемісті жұмыс пен ынтымақтастық алаңына айналды.