2020 жылғы 5 маусымда Ақмола облысының колледж әдіскерлерінің қорытынды вебинар - кеңесі өтті. Әдістемелік қызмет жұмысының негізгі мәселелері бойынша бөлім басшысы С.С.Сералина сөз сөйледі.
Бөлімнің әдіскерлері С.Б.Жұмажанова, А.А. Нұрмағанбетова 2020 жылы өтетін біліктілікті арттыру курстарының тақырыптарымен, мерзімдерімен таныстырды, облыстық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу мәселелерін талқылады.
Біліктілікті беру ережелері, озық педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша шолу ақпаратын Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж әдіскері У.О.Муратбекова, азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің ОӘЖ жөніндегі орынбасары А.К.Асқарова ұсынды.
С.С.Сералина қатысушыларды педагогикалық этика ережелеріне енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Вебинардың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.