«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жақсы кітап-жан азығы » облыстық сырттай конкурсы

28.05.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  2024 жылғы 28 мамырда мектеп кітапханаларында кітап шығаруды ынталандыруға және осы саладағы жетістіктерді көрсетуге бағытталған «Жақсы кітап – жан азығы» облыстық байқауы өтті.

Байқауға әдебиет, кітаптану, өлкетану, туған өлке тарихы, классикалық әдебиет арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және тағы да басқа мәселелеріне арналған 16 дана кітап, өлеңдер мен әңгімелер жинақтары ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын - Көкшетау қ., «№1 мектеп – гимназиясы» КММ, "Арманға барар жолда" жас арманшылдардың ертегі-әңгімелері мен өлеңдері.

II орын–Аршалы ауданы, «Аршалы кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Урочище Коңыр Адыр» кітабы;

II орын- Атбасар ауданы, «Адыр станциясының негізгі орта мектебі» КММ, «Атбасар. Жылдар. Адамдар. Өмір.» кітабы;

II орын - Аршалы ауданы, «Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Менің күнделігім» қыз балаларға арналған пайдалы кітапша.

III орын -Көкшетау қаласы, «Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, «Өмір өлең» оқушы  Әбдірайым Әлайдардың өлеңдер жинағы;

III орын - Сандықтау ауданы, «Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Из поколения в поколение…» әдеби жинағы;

III орын - Аршалы ауданы, «Түрген ауылының  жалпы білім беретін мектебі» КММ,  «Менің жүрегімде...» шығармалар жинағы;

III орын –Қосшы қаласы, «Қосшы қаласының  мектеп – гимназиясы» КММ,

«Қазақтың ұлттық асық ойындары» балаларға арналған әдістемелік кұралы.

Просмотров: 2566


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст