2024 жылғы 29 мамырда "Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша Н. Крупская атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ-де әдіскерлер мен педагог-психологтарға арналған "Психологиялық-педагогикалық қолдаудың басым бағыттары арқылы білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық және тұлғалық дамуына ықпал ету" тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті. Семинар барысында әдіскерлер мен педагог- психологтарға білім беру процесінің барлық субъектілерін қамтитын, балалардың табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасау жөніндегі кәсіби қызметінің жүйесі туралы ақпарат берілді. Семинар қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Инара Ибраимовна Ермұханова сөз алды.