«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» облыстық сырттай конкурсының қорытындысы

15.06.2020

Білім басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы №75 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 27-29 мамыр күндері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» облыстық сырттай конкурсы өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды, оқушылардың жоғары білім сапасын қамтамасыз ететін тиімді педагогикалық технологияларды анықтау және арттыру.

Конкурсты ұйымдастырушы - Ақмола облысының білім басқармасы. 

Конкурсқа педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар жеке меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметінде жоғары жетістіктері бар 21 педагог қызметкер қатысты.

Қатысушылардың жұмысын білім беру саласындағы жоғары кәсіби және білікті мамандар мен қоғамдық бірлестіктердің, бизнес-құрылымдардың өкілдері бағалады.

Бас жүлде дипломымен және 300 000 теңге сертификатымен, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Хусаинова Салтанат Кайроллаевна марапатталды.

1 дәрежелі дипломымен және 200 000 теңге сертификатымен Чаглинка ауылының Жоғары Агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Махамбетова Мадина Хасиевна иеленді.

2 дәрежелі дипломы және 150 000 теңге сертификаты Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжі, тарих және география пәнінің оқытушысы Кенжибаева Анара Сериковнаға берілді.

3 дәрежелі дипломға және 100 000 теңге сертификатына Щучинск қ. жоғары техникалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы Жунусова Жулдуз Нурлановна ие болды.

Конкурстың барлық жеңімпаздарына облыстық білім басқармасы басшысының грамоталары табыс етіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог» облыстық конкурсына қатысқаны үшін «Ақмола облысы Бiлiм және ғылым қызметкерлерi кәсiподағы» грамота және 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен  марапаттады: «Зерттеуші педагог» номинациясы бойынша Уткин Вячеслав Михайлович, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, арнайы пәндер оқытушысы;

«Шығармашыл педагог» номинациясы бойынша Ермакова Юлия Евгеньевна, Щучинск қ., жоғары педагогикалық колледжі, музыка және арнайы пәндер оқытушысы;

«Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша Абдыгапаров Асет Мерекеевич, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы;

«Көшбасшы педагог» номинациясы бойынша Рожко Наталья Олеговна, Степногорск қаласы, Индустриалды-техникалық колледжі, өндірістік оқыту шебері;

«Эрудит педагог» номинациясы бойынша Нурсейт Багдагул, Бозайғыр ауылындағы мектеп-интернат-колледжі, физика, математика мұғалімі.

Конкурстың барлық жеңімпаздарына облыстық білім басқармасы басшысының грамоталары табыс етіледі. Барлық конкурсқа қатысушыларға шығармашылық пен оптимизм, жеңіске деген ерік – жігері, өз ісіне деген адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 717


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст